×

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты

Орал қаласының экс-әкімі облысты басқарады

 Халық үні 02.12.2022 | 11:06
Нариман Төреғалиев, фото: parlam.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.

2017 жылдан бастап бүгінге дейін Сенат депутаты болды.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама