×

Қазақстанда көліктердің сынақ полигоны пайда болады

Елде сынақ базасын дамыту маңызды

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 10:17
Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда автомобильдердің сәйкестігін бағалау мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шараға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев, аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының мүшелері, сондай-ақ бизнес қауымдастықтар және техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелде төмендегі мәселелер талқыланды:

  • көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді ресімдеудің заңсыз схемалары туралы (сынақ жүргізбестен және қозғалтқыштың көлемі мен шығарылған жылы туралы мәліметтерді бұрмаламай);
  • жүйенің жетілмегендігіне байланысты е-терезе ақпараттық жүйесінде типті мақұлдауды ресімдеу мәселесі туралы;
  • автомобильдердің жаңа талаптарын сынау үшін зертханалық базаның болмауына әкеп соғуы мүмкін техникалық регламентке енгізілетін өзгерістер;
  • техникалық Кеден одағы шеңберінде көлік түрлерінің сәйкестігін бағалау және Қазақстанда сынақ автополигонын іске қосу бойынша Қазақстанның сынақ базасын дамыту туралы.

Біз аккредиттеу субъектілерінің қызметіне байыпты қарадық әрі көліктердің сәйкестігін бағалау нарығына жосықсыз қатысушыларды «тазарту» бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанда сынақ жүргізу үшін автополигон болуға тиіс. Қазақстанның аккредиттеу және автобизнес мүдделі субъектілерінің қатысуымен осы бағыттың дамуын кезең-кезеңімен қалыптастыру қажет, - деді Арман Шакқалиев.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінен алынған барлық ұсыныс одан әрі пысықталу үшін қарауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама