Күйеуі қайғылы оқиғаға дейін актрисаның басы ауырғанын айтады
Дәрігерлер Павлодар тумасы, «Қазақстан аруы-2000» байқауына қатысқан актриса Натальи Стешенконың өліміне не себеп болғанын айтты.
Актрисаның күйеуі Владимир Семаго Натальяның өлім алдында жағдайы қалай болғанын мәлімдеді, деп жазады «Московский комсомолец».
Семагоның айтуынша, әйелі дәмханадан оралған соң үйіндегі орындыққа отырған кезде есінен танып қалған. Кейін дәрігерлер Стешенкода қан ұйығы пайда болып, ол жарылып кеткенін мәлімдеді. Күйеуі қайғылы оқиғаға дейін актрисаның басы ауырғанын айтады.
Актриса Наталия Семаго (Стешенко) Мәскеуде өз пәтерінде қайтыс болған.
«Экспресс газета» хабарлағандай, 28 қарашада сағат 15:00-де актрисаның 10 жасар ұлы көршілерден дәрігер шақыруды өтініп, көмек сұраған. Баланың айтуынша, орындықта отырған анасы қимыл-қозғалыссыз қалған. Дәрігерлер келгенде әйел қайтыс болған.