×

Тоқаев 2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңге болады

 Халық үні 02.12.2022 | 06:32
Фото: baribar.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс көзделген:

ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;

ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама