Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы күнде 85-ке келіп жатқан жоқ
Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев Instagram-дағы парақшасына ауруханаға түскен Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайын жазды.
Оның айтуынша, «бір аунап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман» деп сырқатының сырын айтқан әншінің биліктегі азаматтарға реніші бар көрінеді.
Іштегі бір өкініш, 85 жасқа келгенде жоғардағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім. Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп, мен де ойланып қалдым.
Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр? Мәдениет министірі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқ па? Ұят болды, айтатын сөзім жоқ», - дейді Рамазан Стамғазиев.