Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Алматы қаласының полициясы ер адамнан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері арнайы іс-шара жүргізу барысында 38 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған азаматтың үйінен 8 карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш және екі аңшылық пышағы табылды және тәркіленді. Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған. Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл арсенал биыл қаңтар айында шаһардағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.