Ол - шетелде білім алған тәжірибелі маман
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне 33 жастағы Нұрахмет Нұриев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Қазақмыс холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Ол 2006 жылдан бері компанияны үздіксіз басқарған Эдуард Огайдың орнына келді, - деп жазылған хабарламада.
Еңбек ұжымына өзінің ізбасарын таныстырған Эдуард Огай мұндай шешім «Қазақмыс» компаниясының жүрегі болып саналатын жаңа Ұлытау облысының құрылуына байланысты қабылданғанын атап өтті.
Нұрахмет Нұриев Жезқазғанда жұмыс істейтін-ді. Алайда компанияның орталық кеңсесі осында орналасады. Біз біртіндеп Жезқазғанда орналасатын боламыз. Бірақ компанияның шешім қабылдау орталығы да осында болады. Нұрахмет Нұриев жас маман болса да тәжірибесі жеткілікті. Ол бізден де жақсы нәтиже көрсетеді, - деді Эдуард Огай.
Айта кетейік, Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда (Anglia Ruskin University) білім алған, іскерлік әкімшілендіру магистрі.