Halyq Uni логотип
×

Банкроттық рәсімдеген қазақстандықтарға қандай шектеулер қойылады?

Олардың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 01.12.2022 | 15:15
Банкроттық рәсімдеген қазақстандықтарға қандай шектеулер қойылады?
Фото: Halyq Uni

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаларға қандай шектеулер қойылатынын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, банкроттық рәсімдеген қазақстандықтар 5 жыл бойы кредит ала алмайды.

Қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін арада 5 жыл уақыт өтуі керек. Мысалы, заң жобасы ендігі жылы күшіне енді деп есептейік. 2023 жылы адам банкрот деп танылса, ол қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін 7 жыл күтеді. Демек, 2028 жылы ғана қайтадан банкроттық рәсімдей алады. Банкроттықтан кейін оны рәсімдеген жеке тұлғаның қаржылық жағдайына 3 жыл мониторинг жүргізіледі. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Өйткені әдейі банкроттық рәсімдегендерді анықтауға осындай тәсіл қолданылады, - деді Ержан Біржанов.

Министр жеке тұлғаның банкроттығын оның атынан сенім білдірілген тұлғалар, туған-туыстары рәсімдей алмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қарызынан құтыла алмай жүргендерге несие алуға шектеу қойылатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама