×

«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

Игорь Павлюк осыған дейін команданың аға әкімшісі мен футбол орталығының менеджері болған

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2022 | 14:54
фото: fcastana.kz

«Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне осы кезге дейін команданың аға әкімшісі мен футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған Игорь Павлюк тағайындалды. Бұл туралы «Астана» футбол клубы хабарлады.

Ол Ақмола облысы Шортанды ауданының «Автомобилист» клубында ойнаған. Одан кейін «Химик» (Степногор), «Астана» (Астана), «Жеңіс» (Астана), «Ақмола» (Степногор), «Екібастұздық-БК» (Екібастұз), «Есіл» (Көкшетау) «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларында өнер көрсеткен.

Бұған дейін «Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Арслан Беспаев, клубтың атқарушы директоры болып Мерей Қаныбетов тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама