×

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болды

Ақсақалов 2017 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысын басқарды

 Халық үні 01.12.2022 | 14:04
Фото: Inform.kz

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген жарлықта.

Құмар Ақсақалов 2017 жылдан 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай қаласына барып, Қостанай облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов депутаттарға Қазақстан президентінің облыс әкімі лауазымына Құмар Ақсақалов пен Аслан Жаныспаевтың кандидатурасын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 244 депутаттың 192-сі Құмар Ақсақаловтың кандидатурасына, 52 депутат Аслан Жаныспаевқа дауыс берді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Айдарбек Сапаров атқарады.

Ал Қостанай облысын бұған дейін Архимед Мұхамбетов басқарды. Ол бұл қызметке 2015 жылы кіріскен.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Құмар Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Құмар Ақсақалов 1998-2002 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi болған.

2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi қызметін атқарған.

Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары қызметін 2006-2010 жылдары атқарды.

2017 жылдың 14 наурызынан 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама