Жинақ ақын дүниеден өткеннен бес жылдан кейін басылып шыққан
Павлодарда Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде Абай Құнанбайұлының алғаш рет жарыққа шыққан кітабының таныстырылымы болды.
Кітапты Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ардагер ұстаз Нұрболат Әбутәліпов музейге сыйға тартты. Ол бұл кітапты атасынан алып, осы күнге дейін сақтап келген.
Музейдің директоры Ербол Қайыровтың айтуынша, бұл кітап – Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шыққан ең алғашқы жинағының бір данасы. Кітап ақын дүниеден өткеннен 5 жылдан кейін жарық көрген.