Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда болуы мүмкін
Салаға бәсекелестік жетіспейді
«Қазақтелеком» АҚ құрамынан бір ұялы байланыс операторы шығарылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысынан cоң журналистер министрге ұялы байланыс операторлары интернет тарифінің бағасын көтеріп жатқанын айтқан еді.
Бәскелестік орта әділетті тарифтер мен сапалы интернетті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан министрлік құзырлы орган ретінде тиісті заңдарды даярлауы қажет. Демек, заңдарды депутаттармен талқылып, қабылдау маңызды болып тұр. Осыған байланысты әділетті тариф болатынына сенемін, - деді Бағдат Мусин.
Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда тек 2 оператор ғана ұялы байланыс қызметтерін ұсынып отыр. Министр бұл мәселені монополиясыздандыру комиссиясында көтергенін атап өтті.
«Біздің нарыққа басқа да операторларды кіргізу керек. Сондықтан Үкімет басшысының деңгейінде бұл мәселені талқылып, «Қазақтелеком» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан тиісті іс-шараларды пысықтауды талап еттік. Яғни бір операторды «Қазақтелекомның» құрамынан шығарып, нарықтық ортада басқа бизнесмендерге беру керек екенін айтып отырмыз. Олар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. 2023 жылдың басында өтетін комиссия отырысында олар атқарып жатқан жұмыстарын баяндайды», - деді министр.