Министр елордада өткен митинг пен интернеттің істемей қалуы жай сәйкестік екенін айтты
26 қарашада кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық адам (жастар) жинаған.
27 қарашада Астана полициясы жағдайды түсіндіріп, жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданғанын, ұйымдастырушының шақыруымен тәртіп бұзуды жалғастыра бергенін хабарлады. Полицияның хабарлауынша, заңсыз шеруге қатысушылар полицияға бағынбай, қарсылық көрсеткен.
28 қарашада Астананың құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз митинг ұйымдастырды деген айыппен кәсіпкер Марат Әбиевтің 30 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады.
Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 26 қарашада өткен митинг тұсында не үшін интернеттің істемей қалғанын түсіндірді.
«26 қарашада шамамен кешкі сағат 21:00-де Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берді. Олар қадағалап отырған интернет шлюз жұмыс істемей қалған. Себебі, электр жүйесінде техникалық ақау болған. Бірақ шлюз басқа электр қуатына қосылған соң интернет қайта қосылды», – деді Бағдат Мусин Сенат кулуарында.
Бағдат Мусин елордада өткен митинг пен интернеттің істемей қалуы жай сәйкестік екенін айтты
Енді солай болса, не істейміз? – деді ведомство басшысы.