Halyq Uni логотип
×

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды

Олег Крук облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болды

 Халық үні 01.12.2022 | 10:51
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды
Фото: politic.kz

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын, - делінген жарлықта.

Оның орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

27 қарашада Павлодар облысында Екібастұз тұрғындары қақаған суықта жылусыз қалды. «Екібастұзэнерго» ЖШС-ның хабарлауынша, 27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында №11 жылу қазандығы тоқтаған. Сосын 01:30 шамасында үлкен көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 қазандықтар істен шыққан.

28 қарашада Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Апат салдарынан көпқабатты 17 тұрғын үй және бірнеше әлеуметтік, заңды тұлға нысандары жылусыз қалды.

29 қарашада Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұз қаласына барды.

Әлихан Смайлов Екібастұзға 30 қарашада барып, жылу электр орталығында болып, жағдаймен танысты. 

Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама