×

Сенат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындады

Кеше Мәжіліс депутаттары жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін тағайындады

 Дәурен Ерболат 01.12.2022 | 10:23
Рашит Ахметов, фото: inbusiness.kz

Сенаттың жалпы отырысында жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев президент конституциялық реформаларды іске асыру үшін жақында Жоғары аудиторлық палатаның ережесін бекіткенін, аталған палатаның төрағасын тағайындалғанын атап өтті.

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесін 5 жылға қызметке тағайындайды.

Сенаторлар дауыс беру нәтижесінде Рашит Ахметовты, Нұрлан Нұржановты, Расул Рахимовты тағайындады.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс депутаттары жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама