×

Екібастұздағы апаттың басты себептері айтылды

Қазір тиісті тергеу жүргізіліп жатыр 

 Халық үні 01.12.2022 | 06:36
фото: inform.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатты жағдайдың басты себептерін атады.. 

«Қазіргі жағдайдың себептері жылу желілерінің әбден тозуы және жылу орталығы басшылығы тарапынан немқұрайдылық пен инвестициялардың жеткіліксіздігі болып отыр. Тиісті тергеу жүргізіліп жатыр және барлық жауапты және кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», - деді премьер-министр Екібастұзға жұмыс сапары барысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы ЖЭО иелерімен тиісті жұмыс жүргізілетінін, биылғы жылыту маусымында олар толығымен ТЭЦ пен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінін жеткізді.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз қалды. «Екібастұзэнерго» ЖШС-ның хабарлауынша, 27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында №11 жылу қазандығы тоқтаған. Сосын 01:30 шамасында үлкен көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 қазандықтар істен шыққан.

28 қарашада Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Апат салдарынан көпқабатты 17 тұрғын үй және бірнеше әлеуметтік, заңды тұлға нысандары жылусыз қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама