×

Ақтөбелік блогердің өліміне қатысты тағы бір тың дерек шықты

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп, анықталу үстінде

 Халық үні 30.11.2022 | 22:09
фото: instagram.com/mura_mariarchi

Оралда жұмбақ жағдайда қаза тапқан ақтөбелік блогер әрі вайнер Мұрат Бірмағамбетовтің өліміне қатысты тағы бір тың дерек шықты, деп хабарлайды exk.kz

БҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, блогер Мұрат Бірмағамбетовтің денесі Орал қаласынан табылған. Аталмыш қайғылы оқиға 27 қараша күні «Жеңіс» ықшамауданында болған екен.

Сағат 10:40-та 7-ші үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабаттың балконынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға орнынан оның өзі қалдырған жазбасы табылды. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — дейді БҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Дәл қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп, анықталу үстінде.

Айта кетейік, 19 қарашада жоғалған ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті бүкіл жергілікті жұрт қаладан шарқ ұрып іздеген еді. Блогер үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Ал 27 қараша күні марқұмның денесі табылғаны жайлы жантүршігерлік хабар тарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама