Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады

Тиісті құжат 14 желтоқсанға дейін талқылауға қойылған

 Динара Амантай 30.11.2022 | 16:57
Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда ветеринария саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілетін үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: 11-3. Ветеринария қызметкерлері күні – 10 шілде, – делінген құжатта.

Сондай-ақ онда елімізде малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні, балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар екендігі айтылған. Бұған қоса бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейтін көрінеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілдеде Қазақстанда «Ветеринария туралы» бірінші рет заң қабылданған.

Құжат Ашық НҚА сайтында 14 желтоқсанға дейін талқылауға салынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама