Қарулар сараптамаға жіберілді
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орынды тапты. Полицейлер 3 Калашников автоматының, 2 Макаров тапаншасын, 2 граната мен 100-ден аса түрлі патрондарды тауып, тәркіледі.
Аталған дерек Қылмыстық кодексі 287-бабы 3-бөлігі бойынша Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді.
Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.