×

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Қарулар сараптамаға жіберілді

 Динара Амантай 30.11.2022 | 15:19
Фото: polisia.kz

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орынды тапты. Полицейлер 3 Калашников автоматының, 2 Макаров тапаншасын, 2 граната мен 100-ден аса түрлі патрондарды тауып, тәркіледі. 

Аталған дерек Қылмыстық кодексі 287-бабы 3-бөлігі бойынша Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама