×

Алматыда тұрғын үйлер аумағы енді аудан әкімдіктері есебінен тазартылады

Қала басшысы тұрғындармен кездесу өткізді

 Динара Амантай 30.11.2022 | 14:56
Фото: steemit.com

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда тұрғын үйлердің аумағы аудан әкімдіктері есебінен тазартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында аудан тұрғындарының бірі әкімге ойын алаңдары мәселесі бойынша сұрақ қойды. Айтуынша, аудандық әкімдіктің балалар ойын алаңдарын тазалауға қауқары жоқ көрінеді.

Аудан әкімдігі мен пәтер иелері кооперативінен келген адамдар ПИК тазалайды деп сендірді, алайда оларда қаражат жоқ. Алаңдарды тазалауға ақшамыз жетпейді, - деді аудан тұрғыны.

Ал қала басшысы жұртты келесі жылы бұл мәселенің шешімін табатынына сендірді.

Мен сізбен келісемін. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамам бойынша аудандарға үйішілік аумақтарды тазалауға қаражат бөлетін боламыз, - деді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама