Halyq Uni логотип
×

Депутаттық сауал: «Олигархтар пайдасын сүліктей сорып, енді проблеманы мемлекетке ысыра салмақ»

Бір топ депутат Екібастұздағы жағдай бойынша Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдады

 Халық үні 30.11.2022 | 12:19
Депутаттық сауал: «Олигархтар пайдасын сүліктей сорып, енді проблеманы мемлекетке ысыра салмақ»
фото: instagram.com/ekibastuz_akimdigi/

Екібастұз қаласына барып, жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдаған Мәжілістің бір топ депутаты премьер-министр Әлихан Смайыловқа, Бас прокурор Берік Асыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

Елімізде жылыту маусымы басталмай жатып, Қазақстанның бірқатар қаласында жылу электр орталықтары істен шығып, Риддер, Екібастұз қалаларында техногендік апат болды.

Мемлекет басшысы Үкіметке еліміздің барлық жылу объектілерін тексеріп, апатты жағдай болмауы үшін іс-шаралар жасау жөнінде тапсырма берді.

Осыған орай, бір топ депутат Екібастұз қаласына барып, қиын жағдайда қалған жұртшылықтың пікірін тыңдаған.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров олигархиялық топтар бұл объектілердің (ЖЭО – ред.) пайдасын сүліктей сорып, енді проблеманы мемлекетке, халыққа ысыра салмақшы екенін айтты.

Ерлан Саиров депутаттық сауалға заңда көрсетілген мерзімде жауап беруді сұрап, Үкіметке төмендегі мәселелерге назар аударуға шақырды:

  • Энергетика кәсіпорындарын толық техникалық аудиттен өткізу;
  • Жылу электр орталықтары, магистарльді трубалардың тозу дәрежесін анықтай отырып, халықтан алынатын тарифтердің инвестициялық бөліктерінің қайда кеткендігін анықтау;
  • Жылу электр орталықтары мен магистарльдардың техникалық жағдайы үшін кәсіпорын акционерлерінің құқықтық жауапкершілігін қарастыру;
  • Жалпы энергетика саласына, стратегиялық сала болғандықтан, қоғамдық бақылау орнатуға жан-жақты көңіл бөлу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама