БҚО-да Қазақстан қалаларын басып алу үшін автомат сұраған 3 жігіт ұсталды
Үшеуі де полицияға жеткізілді
Желіде үш қазақстандықтың видео арқылы шетелдікпен Қазақстан қалаларын басып алу үшін «автомат» сұрап, Украинадағы жағдай туралы сөйлескен видеосы тарады, деп хабарлайды "Мой город".
Видеода Норвегияның туымен отырған ер адам Қазақстанның туымен отырған үш адаммен сөйлесіп отырғанын көруге болады. Видеодағы шетелдік Украинадағы соғыс туралы сөз қозғап, сепаратистік әңгімелер айтады. Шетелдіктің бұл әңгімесін видеодағы қазақстандықтар да қолдаған.
Сонымен қатар видеодағылар «Орал мен Чапаевты бірінші болып басып алуды, қолдарына автомат беруді» ұсынады. Видеодан Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бұзылғанын байқауға болады.
Видеодағы адамдарды ҰҚКД және Полиция департаменті өкілдері ұстады.
«Үшеуі де полицияға жеткізілді, бүгінде оларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат кейінірек беріледі", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.