Тазы мен төбетті сақтау мақсатында арнайы орталық құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтап, көбейту туралы заң жобасын, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Заң жобасын депутат Әмірхан Рахымжанов таныстырды. Оның айтуынша, құжат президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген.
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және қорғау мен дамыту саласын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кең құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдерді талап етеді. Өйткені, бүгінде қазақ ит тұқымдарының генофондының нашарлау үрдісі ғана емес, еліміздің көптеген өңірінде толық жойылу қаупі бар. Қазақы ит тұқымдарының қолайсыз жағдайының негізгі себептері қазақы ит тұқымдарының генофондының жай-күйін бағалау, олардың генетикалық бейінін жасау бойынша ғылыми зерттеулердің болмауы, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың болмауы болып саналады, - деді ол.
Осы проблемалық мәселелерді шешу үшін заң жобасында қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленеді, уәкілетті органның құзыреті бекітіледі.
Заң жобасымен қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі:
Қазақы ит тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне төмендегілер кіреді:
«Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында құрылатын уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жанындағы қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығына маңызды рөл берілген. Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақ ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді», - деді Әмірхан Рахымжанов.
Сонымен қатар құжат кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақ тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті, бірыңғай асыл тұқымды кітапты, қазақы ит тұқымдары мен ұлттық аңшылық стандартын айқындайды.
Сондай-ақ заң жобасында Қазақстанның ғылыми ұйымдары жүзеге асыратын қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі норма көзделген.
Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге керек. Бұл сома 2022 жылғы 18 қазанда республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты, - деді депутат.
Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.