Halyq Uni логотип
×

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды

Олар бұл қызметті 5 жыл атқарады

 Дәурен Ерболат 30.11.2022 | 10:23
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды
Михаил Бортник, фото: inform.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламенттің әр палатасы Жоғары аудиторлық палатаның 3 мүшесін 5 жылға тағайындайтынын жеткізді.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Жоғары аудиторлық палатаның төмендегі мүшелері тағайындалды:

  • Михаил Бортник;
  • Рүстем Нұрпейісов;
  • Юлия Энгель.

Депутаттардың пікірінше, олар бұл қызметке кәсіби тұрғыдан сай келеді.

Еске салайық, 28 қарашада Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына Наталья Годунова тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама