Halyq Uni логотип
×

Тікелей эфир кезінде жерге түкірген Мәжіліс депутатына 16 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға түсініктеме берген

 Халық үні 29.11.2022 | 21:13
Тікелей эфир кезінде жерге түкірген Мәжіліс депутатына 16 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: turkystan.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 900 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция департаменті видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК (1 АЕК – 3180 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Павлодар облысының Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға түсініктеме берген.

«Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-ке бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс- тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін. Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын», - деп жазды депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама