×

Ресей әскері Украинадағы 30 елді мекенге 258 мәрте снаряд жаудырды

Зеленский қираған әрбір нысанды, үйді және кәсіпорынды қалпына келтіруге уәде берді

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2022 | 17:54
фото: rosguard.gov.ru

Ресей армиясы Украинаның оңтүстігінде Херсон облысындағы 30 елді мекенге соңғы бір аптада 258 мәрте снаряд жаудырған. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Сонымен қатар, кешкі үндеуінде Зеленский Мәскеудің «тәртібіне» елінің ешқашан көнбейтінін ескертіп, қираған әрбір нысанды, үйді және кәсіпорынды қалпына келтіруге уәде берді.

Еске сала кетсек, Ресей қарулы күштері Херсонның Днепр өзенінің батыс жағалауындағы бөлігін осы айдың ортасында тастап кеткен еді. Бірақ таяуда сол әскер шығыс жағалаудан қайта шабуылға кірісіп, ондаған адамды мерт қылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама