Halyq Uni логотип
×

Ыстамбұлда қазақ-түрік бауырластығына арналған ескерткіш ашылды

Сонымен қатар, қазақ диаспорасының 70 жыл бұрын Түркияға көшіп барғаны аталып өтті

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2022 | 14:50
Ыстамбұлда қазақ-түрік бауырластығына арналған ескерткіш ашылды
фото: ашық дереккөз

Ыстамбұлдағы Бағжылар ауданына қазақ-түрік бауырластығына арналған ескерткіш орнатылып, соның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы «Вестник Кавказа» басылымы хабарлады.

Сонымен қатар, ауданда қазақ диаспорасының 70 жыл бұрын Түркияға көшіп барғаны аталып өтті, – делінген ақпаратта.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бағжылар ауданының басшысы Әбдұлла Өздемір, Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы Әлім Бәйел мен Түркия қазақтары қатысқан.

Еске сала кетсек, Бағжылар ауданында 2021 жылы таэквондошы Мұстафа Өзтүрікке де ескерткіш қойылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама