Үкімет «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын бекітті
Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілді білуге міндетті болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство басшысы Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасы жетілдірілетінін атап өтті.
Біріншіден, Қазақстанның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білуге міндетті болады. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр.
Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаттар алғаннан кейін қандай да бір адам басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі ол адамды Қазақстан азаматтығынан айырады, - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр шетелдік Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін 6 ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтататыны туралы анықтама ұсынбаса, онда ол адамға қатысты азаматтық жойылады. Алайда қазір мұндай шаралар заңда қарастырылмаған.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын бекітілді.