Отаны қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жасады
Шымкент қаласында 44 жастағы ер адамға қайтыс болған адамның бауыры салынды. Бұл Шымкентте мәйіт донордан жасалған алғашқы бауыр трансплантациясы болды. Операция шамамен 6 сағатқа созылған. Оны қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жасады.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Бұрын дәрігерлер тек тірі донорлармен жұмыс істеген. Бірақ осы жолы қайтыс болған адамның туыстары марқұмның ішкі ағзасын донор ретінде пайдалануға рұқсат берген соң, хирургтер алғаш рет тірі адамға марқұмның бауырын трансплантация жасаған. Оның жақын туыстары арасынан донор табылмаған екен.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір науқастың жағдайы жақсы. Ал донордың басқа органдары арнайы рейспен Астанаға жөнелтілген. Олар мұқтаж науқастарға ауыстырылады.