Үкімет басшысы ArcelorMittal компаниясынан міндеттемелердің орындалуын талап етті
Виджай Гоял проблеманы шешу үшін арнайы келгенін айтты
Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Биджу Наирмен кездесті.
Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмысшылардың қазасы мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы мен өндірісті жаңғыртуға арналған инвестицияның жеткіліксіз екенін айтты.
Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.
Өз кезегінде Виджай Гоял жуырда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының қазасына әкелген төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу үшін арнайы келгенін де жеткізді.
Ал премьер-министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.