×

Қазақстанның ең үлкен туы көтерілді

Шараға бес мыңнан астам адам қатысты

 Халық үні 29.11.2022 | 05:29
фото: ашық дереккөзден

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақ МЗУ студенттерінің қатысуымен еліміздің ең үлкен туы желбіреді.

Жібектен тоқылған тудың ауданы 80 шаршы метр, салмағы шамамен 60 келі болды. Шараға бес мыңнан астам адам қатысты. 

Шарада Қазақ МЗУ университетінің жоғары оқу орындары үздік команда атағы үшін интеллектуалдық, әлеуметтік және шығармашылық күресте бақ сынады.

Биылғы жылы қазылар алқасы ретінде танымал тұлғалар Динара Сәтжан, Серік Сәпиев, Айтым Жақыпов, Дидар Ислам, Илья Ильин, Есен Елеукен, Айкерім Есенәлі, Азат Әбікен және т.б. болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама