×

Украинада қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқаны белгілі болды

Жарақат алғандардың саны 10 мыңнан асады

 Халық үні 29.11.2022 | 06:56
фото: ашық дереккөзден

24 ақпаннан бері Украинада 6,5 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 10,3 мың адам жарақат алды, деп көрсетілген БҰҰ БЖКББ жаңартылған есебінде.

2022 жылдың 24 ақпанынан 2022 жылдың 27 қарашасына дейін БҰҰ - ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары (UHCPC) елдегі бейбіт тұрғындар арасында 17 023 құрбанды тіркеді: 6 655 адам қаза тауып, 10 368 адам жараланды, - делінген құжатта.

Ұйымның мәліметінше, тіркелген 6655 өлімнің ішінде 2601 ер адам, 1783 әйел, 173 қыз және 209 ұл, сондай-ақ жынысы белгісіз 37 бала мен 1852 ересек адам бар. Жараланғандардың арасында 2245 ер адам, 1604 әйел, 215 қыз және 304 ұл, сондай-ақ жынысы белгісіз 250 бала мен 5750 ересек бар.

Есепте көрсетілген бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандардың көпшілігі «кең ауқымды жарылғыш қаруды қолданудан» қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама