Ақтау әуежайындағы адамдар жаппай эвакуацияланды

Халық үні

Оқиға орнына тиісті қызметтер шұғыл аттанды

фото: egemen.kz

Бомба туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты Ақтау әуежайындағы адамдар эвакуацияланды. Хабарлама әуежайдың электрондық поштасына келіп түскен, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтау қаласының халықаралық әуежайының ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама 28 қарашада сағат 16:48-де анонимді түрде келіп түскен.

«Оқиға орнына тиісті қызметтер шұғыл аттанды. Әуежай аумағын тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада. 

Көліктегі полицияның жедел қызметтері алда ұсталып, жауапкершілікке тартылатын анонимнің жеке басын анықтап жатыр.