Halyq Uni логотип
×

Президент сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын неге Ресейден бастағанын түсіндірді

Қазақстан үшін РФ - негізгі стратегиялық әріптес

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 17:44
Президент сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын неге Ресейден бастағанын түсіндірді
Фото: Telegram/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауынан кейін алғашқы сапарын неге Ресейден бастағанын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алдымен ол Ресей президенті Владимир Путинге алғысын айтты.

Әуелі президент лауазымына қайта сайлануыммен жеке құттықтауыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Аталған оқиғадан кейін ең бірінші шетелдік сапарым Ресей Федерациясына жасалып отыр. Оның өзінің терең саяси мәні бар және бұл сапарымда белгілі бір символдық мән бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей келіссөзінде.

Осы орайда мемлекет басшысы қос ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Бүгін осынау тарихи датаға арналған декларацияға қол қоямыз. Қазақстан үшін Ресей негізгі стратегиялық әріптес болған және бола да береді. Бізді түрлі саладағы тамыры терең өзара қарым-қатынас байланыстырып жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама