×

«Соңы қайғылы аяқталуы мүмкін». Полицей күйеуі қол көтеретін әйелдерге кеңес берді

Зорлық-зомбылық дерегі бойынша полицияға күн сайын 10-15 арыз түседі

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 16:50
Фото: dszn.ru

Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков күйеуі қол көтеретін әйелдерге кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде қалада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр. Бұл ретте күйеуінен қорлық көрген әйелдердің кейбірі аяқ астынан пікірін өзгертіп, берген арызынан бас тартады екен.

Көп жағдайда жәбірленушілер отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзеді. Оның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Мысалы, бір әйелдің тұрмысқа шыққанына 9 жыл болған, 2 баласы бар. Күйеуінен қорлық көріп жүргеніне 7 жыл болған. Алайда ол полициядан көмек сұрамаған. Тек ауыр дене жарақатын алғаннан кейін бізге шағымданды, - деді полиция полковнигі Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Диас Дуанбеков әйелдерге отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдап жүре бермей, полициядан көмек сұрауға кеңес береді.

«Бізге шағым түссе, оқиға орнына барып, мән-жайды анықтаймыз. Күш көрсетілсе, денеге зақым келсе, денсаулыққа зиян келтіру дерегі анықталса, әкімшілік іс қозғаймыз. Тіпті, ол ұрып-соқса да тиісті жаза қарастырылған. Мұндай факті тіркелмесе, алайда үйде жай жанжал болса да біз агрессормен тиісті жұмыс жүргіземіз. Мысалы, 10 тәулікке дейін қамалады. Кейін есепке алып, бір ай бойы оның тәртібін бақылаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, биыл Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша әйелдерден 8 мыңнан аса арыз-шағым түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама