Той шынында өте жасырын және шағын құрамда болды
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұлы Гейдар үйленіп, отбасын құрды.
Бұл туралы Ильхам Әлиевтің зайыбы, Әзербайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.
Кеше біз шағын құрамда ұлымыз Гейдардың үйлену тойын атап өттік. Енді біздің үшінші қызымыз пайда болғанына бақыттымын! Барлық ата-ана сияқты, біз де ұлымызға бақытты отбасылық өмір тілейміз! Жас отбасына Алланың шапағаты жаусын! Олардың бір-біріне деген махаббаттары мен құрметтері ұзақ жылдарға созылсын! Бақытты болыңдар! – деп жазды Мехрибан ханым.
Әзербайжан президентінің жалғыз ұлының үйлену тойы туралы бұдан өзге дерек жоқ. Той шынында өте жасырын және шағын құрамда өткен сияқты.