Halyq Uni логотип
×

Әзербайжан президентінің ұлы үйленді

Той шынында өте жасырын және шағын құрамда болды

 Дастан Жұмабекұлы 28.11.2022 | 15:47
Әзербайжан президентінің ұлы үйленді
фото: vesti.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұлы Гейдар үйленіп, отбасын құрды.

Бұл туралы Ильхам Әлиевтің зайыбы, Әзербайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

Кеше біз шағын құрамда ұлымыз Гейдардың үйлену тойын атап өттік. Енді біздің үшінші қызымыз пайда болғанына бақыттымын! Барлық ата-ана сияқты, біз де ұлымызға бақытты отбасылық өмір тілейміз! Жас отбасына Алланың шапағаты жаусын! Олардың бір-біріне деген махаббаттары мен құрметтері ұзақ жылдарға созылсын! Бақытты болыңдар! –  деп жазды Мехрибан ханым.

Әзербайжан президентінің жалғыз ұлының үйлену тойы туралы бұдан өзге дерек жоқ. Той шынында өте жасырын және шағын құрамда өткен сияқты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама