Ол ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымды қызмет атқарған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін Олжас Бектенов атқарады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Жарлықта.
Айта кетейік, Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы бойынша заңгер.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы;
2005-2006 жылдары Премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2006-2009 жылдары Президент әкімшілігінде жұмыс істеді;
2009-2012 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;
2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент басшысы;
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі;
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
2019 жылғы маусымнан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды;
2022 жылғы 25 ақпаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған (2014 жылы).