Түсімдердің өсуіне минералды шикізаттардың қымбаттауы әсер еткен
Биыл 10 айда бюджетке 11 трлн 699 млрд теңге түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Министрлік мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қазанда бюджетке 11 698,8 млрд теңге түсті. Жоспар 103,4%-ға орындалды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 трлн 400,2 млрд теңгеге көп. Оның ішінде:
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, республикалық бюджетке түсімдердің мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар және үшінші елдерден импортқа қосымша құн салығы (ҚҚК бойынша 1,7 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 57,2%-ға, корпоративті табыс салығы 51,8%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 24,1%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 16,9%-ға өсуі байқалады.
Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті.
Биыл 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминийге 13,9% және алтынға 0,6% бағаның өсуі байқалды. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 10 айнда – 61,5 доллар, 2022 жылғы 10 айда 1 тоннасы – 88 доллар), - деп жазылған хабарламада.
Биыл қаңтар-қазанда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт – 48,3%, импорт – 32,5%).