Halyq Uni логотип
×

10 айда бюджетке 11,7 трлн теңге салық түсті

Түсімдердің өсуіне минералды шикізаттардың қымбаттауы әсер еткен

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 10:12
10 айда бюджетке 11,7 трлн теңге салық түсті
Фото: Halyq Uni

Биыл 10 айда бюджетке 11 трлн 699 млрд теңге түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Министрлік  мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қазанда бюджетке 11 698,8 млрд теңге түсті. Жоспар 103,4%-ға орындалды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 трлн 400,2 млрд теңгеге көп. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет 101,1%-ға орындалды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд теңгеге артық.
  • Жергілікті бюджет 108,5%-ға орындалды. 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30,8% немесе 881,7 млрд теңгеге көп.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, республикалық бюджетке түсімдердің мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар және үшінші елдерден импортқа қосымша құн салығы (ҚҚК бойынша 1,7 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 57,2%-ға, корпоративті табыс салығы 51,8%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 24,1%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 16,9%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті.

Биыл 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминийге 13,9% және алтынға 0,6% бағаның өсуі байқалды. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 10 айнда – 61,5 доллар, 2022 жылғы 10 айда 1 тоннасы – 88 доллар), - деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтар-қазанда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт – 48,3%, импорт – 32,5%).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама