Қазақстанда барлық республикалық жол ашық
Демалыс күндері 300-ден аса жүргізушіге көмек көрсетілді
Елімізде барлық республикалық жол ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылған.
Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен аса құм-тұз қоспасы себілді.
26-27 желтоқсанда 9 өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан аса қозғалысқа шектеу қойылды. Республикалық тасжолдарда қар құрсауында қалған 300-ден аса жүргізушіге көмек көрсетілді.
Бүгінде республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр.