Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.
Бұл туралы БОРТ №1 Telegram-арнасы хабарлады.
Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.