Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді

 Халық үні 28.11.2022 | 06:45
Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды
Фото. Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram-арнасы хабарлады.

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама