Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмады
Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тас жолында тұрып қалған.
Polisia.kz хабарлауынша, Абай облысының полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жолда қалған адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тас жолында тұрып қалған. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмады.
«Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды», – делінген хабарламада.