Halyq Uni логотип
×

Ертең Қарақалпақстанда митингке шыққандарға қатысты сот басталады

Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енсе, Қарақалпақстанның тәуелсіздігінен айрылу қаупі болған

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2022 | 17:15
Ертең Қарақалпақстанда митингке шыққандарға қатысты сот басталады
фото: rus.azathabar.com

Қарақалпақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан митингке қатысушылардың алғашқы соты 28 қарашада басталады.

Сот отырысының басталғанын оқиғаны тергеу жөніндегі парламенттік комиссия хабарлады. Ал қанша адамға айып тағылғаны әзірге белгісіз. Әлі егжей-тегжейлі нақтыланбаған.

107 айыпталушыны гуманистік принцип негізінде комиссия мүшелерінің ұсынысы және Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің петициясы бойынша Бас прокуратура қоғамдық кепілдікпен үйқамаққа шығарғанын естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ комиссия мүшелерінің сот процесіне бақылаушы ретінде қатысатыны да нақтыланған.

Еске сала кетсек, Қарақалпақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан митинг шілде айының басында басталған. Ол кезде Өзбекстанда Конституцияға өзгертулер енгізу талқыланып, соған сәйкес Қарақалпақстанның тәуелсіздігінен айрылуы мүмкін деген қауіп айтылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама