×

Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылар тізіміне енді

Тізімге алғаш рет қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді

 Халық үні 26.11.2022 | 19:45
коллаж: Halyq Uni

The Ring журналының сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, оған Қазақстанның екі бірдей боксшысы енген, деп хабарлайды Sports.kz. 

WBA Super, IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бұрынғысынша ондықта көш бастап тұр, одан кейінгі орындарда WBC чемпионы Джермалл Чарло және WBO экс-чемпионы Деметриус Андраде.

WBO белбеуінің қазіргі иегері және оны 13 қарашада алғаш рет қорғап, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен британдық Дензель Бентлиді жеңген Жәнібек Әлімханұлы бесінші орында.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы Топ-10:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4. Хайме Мунгия (Мексика)

5. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

6. Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания)

7. Карлос Адамес (Доминикана Республикасы)

8. Риота Мурата (Жапония)

9. Сергей Деревянченко (Украина)

10. Эрисланди Лара (Куба).

Бұған дейін World Boxing News порталы 2022 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша әлемнің ең үздік 50 боксшысының (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингін ұсынғаны хабарланған болатын. Тізімге алғаш рет қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді. Ол рейтингіде 49-орынға тұрақтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама