Halyq Uni логотип
×

Министрлік жер қойнауын пайдаланушыларды қағазбастылықтан босатпақ

Minerals.gov.kz платформасы іске қосылды

 Динара Амантай 26.11.2022 | 17:50
Министрлік жер қойнауын пайдаланушыларды қағазбастылықтан босатпақ
Фото: Halyq Uni

Цифрлық даму министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұрын жер қойнауын пайдаланушылары лицензия беруге өтініштерді бекітілген қағидаларға сәйкес қағаз жүзінде тапсырып отыратын.

Енді 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа платформа «Minerals.gov.kz» іске қосылды. Бұл өтініштерді электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бизнес-процестерді автоматтандыру, жеделдету және оңтайландыру арқылы жұмысты едәуір жеңілдетеді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ИИДМ (miid.gov.kz) және ЦДИАӨМ (mdai.gov.kz) сайттарында Minerals.gov.kz-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама