Ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылады
Жетісу облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 26 қарашада сағат 14-30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, шектеулі көріну) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (9-184 шақырымдары, Көктұма - Достық), республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолы – «Көлбай ауылы - Абай облысының шекарасы» (485-615 км,), республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында (45-68 км, Алтын Емел асуы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылған.
Сондай-ақ Жетісу облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.