Павлодарда ұрлық жасаған астаналықтар ұсталды
Олар 5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын қолды қылған
Павлодарда полицейлер ұрлық жасаған астаналықтарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Астрахан ауданы полиция бөліміне 56 жастағы ауыл тұрғынынан шағым түскен. Ол 17 қарашаға қараған түні белгісіз адамдар дүкеннен 5 млн теңгеден асатын сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін айтқан.
Олар дүкендегі есікті күшпен ашып, 250-ге жуық зергерлік бұйымды ұрлаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің кім екені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері Павлодарда 27 жастағы екі астаналықты ұстады, – деп жазылған хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерден зергерлік бұйымдар тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгінде полиция қызметкерлері басқа адамдардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.